Меню

Страницы

Статья

Eкіжақты қарым-қатынас

Жалпы мәліметтер

1992 ж.5 маусым

 

–

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды (хаттамаға Қазақстан Сыртқы істер министрі Т. Сүлейменов пен Болгарияның Сыртқы істер министрі С. Ганев қол қойды, Осло, Норвегия).

 

1994 ж. қаңтар

 

–

ҚР-да Болгария Елшілігі ашылды

 

2004 ж. 2 сәуір

 

–

ҚР Президенті Болгарияда Қазақстанның Дипломатиялық миссиясын ашу туралы» № 1338 Жарлыққа қол қойды (2004 ж. желтоқсаннан бастап қызмет атқарады).

 

     
     

2019 ж. 18 шілде

 

–

ҚР Президенті К. Тоқаевтың № 69 Жарлығымен Софиядағы ҚР Дипломатиялық миссиясы Болгариядағы ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

 

2020 ж. 27 ақпаннан бастап – Боян Хаджиев Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2022 ж. 9 желтоқсаннан бастап

–

Виктор Темірбаев Қазақстанның Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Саяси диалог

Ең жоғары деңгейдегі байланыстар:

ҚР Тұңғыш Президенті Болгарияға Болгарияға 1 рет сапар шекті 1999 ж. 15-16 қыркүйек).

БР Президенттері Қазақстанға 3 рет сапар жасады (1994 ж. 23-31 шілдеде Ж.Желев ресми сапармен; 2003 ж. 25-27 қыркүйекте Г.Пырванов ресми сапармен; 2010 ж. 1-2 желтоқсанда Г.Пырванов ЕКЫҰ Саммитіне қатысу мақсатында жұмыс сапармен).

БР Вице-президенттері Қазақстанға 4 рет келді (А.Марин – 2006 ж. 10-11 қаңтарда ҚР Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін; М.Попова – 2016 ж.27-31 тамызда «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясына және 2018 ж. 12-13 қарашада Астана клубының 4-ші отырысына қатысу үшін; И.Йотова – 2019 ж. 7-9 қазанда жұмыс сапарымен).

Сонымен қатар, ҚР Президенттері көпжақты іс-шаралар аясында болгар көшбасшыларымен кездесулер өткізді:

ҚР Тұңғыш Президенті П.Стояновпен 1998 ж. 30 қаңтарда Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда; Г.Пырвановпен – 2 рет, 1999 ж. шілдеде Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Зальцбург экономикалық Саммитіне және 2002 ж. 3 қыркүйекте Йоханнесбургте өткен БҰҰ Тұрақты даму жөніндегі сессиясына қатысу барысында;

ҚР Президенті Қ.Тоқаев: Р.Радевпен 2019 ж. 24 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА 74-сессиясында.

Жоғары деңгейдегі байланыстар (2018-2022 жж.):

2018 ж. 27 ақпан – ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов пен БР Вице-премьер, СІМ басшысы Е.Захариеваның ҚР – ЕО ынтымақтастық кеңесі аясындағы екіжақты кездесуі.

2018 ж. 6-7 желтоқсанда Миланда ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов пен БР Сыртқы істер министрінің орынбасары Э. Кралеваның екіжақты кездесуі өтті.

2019 ж. 12-14 мамыр – ҚР Бас прокуроры Г.Нұрдәулетовтің Болгарияға сапары.

2019 ж. 7-10 маусым – ҚР Президентінің сайлауына бақылаушы ретінде қатысу үшін БР ОСК төрағасы С.Стоеваның ҚР-ға жұмыс сапары.

2019 ж.16 желтоқсанда Мадридте өткен АСЕМ СІМК 14-ші отырысы шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен БР Вице-премьері, СІМ басшысы Е.Захариеваның екіжақты кездесуі өтті.

2020 ж. 8 қазан – ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді мен БР Вице-премьері, СІМ басшысы Е. Захариеваның Братиславадағы «Globsec» форумы алаңындағы екіжақты кездесуі.

Парламентаралық ынтымақтастық

ҚР Парламенті Мәжілісінің 7-шарылымында 16 депутаттан тұратын Болгариямен парламенттік достық тобы құрылды. Оның жетекшісі – А.Қоңыров, орынбасары – Г.Ташқараев.

Осы уақытқа дейін, 2022 ж. 2 қазандағы мерзімінен бұрын парламенттік сайлаудың қорытындылары бойынша болгар тарапы Қазақстанмен достық тобын әзірше қалыптастырған жоқ.

Болгарияға сапарлар:

- ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы М. Оспанов (1996 ж. қазан);

- ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының делегациясы (2012 ж. қараша);

- ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының делегациясы (2008 ж. маусым және қараша, 2009 ж. сәуір).

Қазақстанға сапарлар:

- БР Халық Жиналысының Төрағасы Ц.Цачева (2015 ж. қараша);

- БР Халық Жиналысы Төрағасының орынбасарлары П.Берон (2007 ж. тамыз), Г.Пирински (2012 ж. тамыз), В.Жаблянов (2017 ж. қараша), сондай-ақ В.Марешки (2019 ж. қараша);

- БР Халық Жиналысының депутаттары (2005 ж. желтоқсан, 2009 ж. мамыр, 2012 ж. мамыр, 2016 ж. маусым, 2019 ж. маусым);

- Арнайы координатор, ҚР-дағы парламенттік сайлауға шетелдік бақылаушы ретінде қатысу үшін ЕҚЫҰ қысқа мерзімді миссиясының басшысы К.Вигенин (2021 ж. қаңтар).

Негізгі шарттар мен келісімдер

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Декларация. София, 1999 ж. 15 қыркүйек. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

ҚР мен БР президенттерінің қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемесі. Астана, 2003 ж. 25 қыркүйек. Қол қойылған күнінен бастап қолданылады.

ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара демеу және қорғау туралы келісім. София, 1999 ж. 15 қыркүйек. 2001 ж. 20 тамыздан бастап күшіне енді.

ҚР Үкіметі мен РБ Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім. Астана, 2011 ж. 1 маусым. 2011 ж. 11 қазаннан бастап күшіне енді.

ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 2011 ж. 3 қазан. 2012 ж. 13 қыркүйектен бастап күшіне енді.

IV. Көпжақты ынтымақтастық

Болгария 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын, ДСҰ мүшелігін, «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуді және 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелерінің құрамына кіруді қолдады.

2015 ж., 2018 ж. және 2021 ж. «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы Жалпыға бірдей декларация» бойынша Қазақстанның бастамасы үшін дауыс беру барысында Болгария, НАТО-ның ядролық тежеу жөніндегі доктринасының жалпы саяси нұсқауларына қарамастан, осы Қарарды қабылдау бойынша дауыс беру кезінде қалыс қалды («abstain»).

2019 ж. 7 қарашада Болгария БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап кезеңдік шолу жұмыс тобының 34-сессиясында Адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау туралы ҚР 3-ші ұлттық баяндамасын қорғау барысында Қазақстанның негізгі Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ілгерілеуін атап өтті.

2020-2022 жж. Болгарияның келесі бастамалары бойынша қолдау (келісім) алынды:

- ҚР-ның «Зымыран технологияларын бақылау режиміне» кіруі;

- Қазақстанның Швециядағы Елшісі Қ. Әбдірахмановтың ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына кандидатурасын қолдау;

- Қазақстанның 2022-2024 жж. арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің мүшелігіне енуі.;

- 2021-2024 жж. арналған БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне М. Ергебековтың кандидатурасын қолдау.;

- ҚР-ның 2021-2024 жж. ДПО пошта операциялары кеңесінің мүшелігіне кіруі.;

- ҚР Қылмыстық сот өндірісі саласындағы Еуропа Кеңесінің 7 конвенциясына қосылды.

- ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары А. Шәкіровтің ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары қызметіне кандидатурасын қолдау;

- БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2022-2024 жж. ҚР кандидатурасын қолдау.

- 2023-2027 жж.  арналған ЮНЕСКО КВН-ға ҚР кандидатурасына;

– ҚР кандидатурасы – "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" РМК директоры Р.Нұршабекова-2023-2026 жж. арналған халықаралық электробайланыс одағының (МЭО) Радиорегламенттік комитетінің құрамына.

Сонымен қатар, болгар тарапы, тұтастай алғанда, «үйсіз мемлекеттер» мәселесін шешу қажеттілігін қолдайды, яғни АЭХА мүшелері болып табылатын және Агенттіктің өңірлік топтарының ешқайсысына кірмейтін елдер.

Қазақстан өз тарапынан 2018 ж. Болгарияның 2019-2021 жж. арналған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына кіруін; ал 2019 ж. тамызда РБ спорт министрі К.Кралеваның Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Атқарушы комитетіндегі Еуропа өкілі лауазымына кандидатурасын қолдады.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап қолдау көрсетті:

- Болгарияның 2021-2023 жж. арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік Кеңесіне мүшелігіне;

- Велина Тодорованың 2021-2025 жж. арналған БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелігіне кандидатурасы.;

- Болгарияның 2021-2024 жж. арналған ДПО пошта операциялары кеңесінің мүшелігіне кіруі . ;

- Геновева Тишеваның 2023-2026 жж. кезеңінде әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің мүшесі болып қайта сайлануына кандидатурасы.;

- 2021-2025 жж. арналған ЮНЕСКО ДМК Болгарияның кандидатурасы;

- Болгарияның 2022-2026 жж. арналған ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетіне кандидатурасы;

- Болгарияның 2023-2026 жж. арналған МЭО кеңесінің құрамына кандидатурасы;

- Болгарияның 2023-2025 жж арналған БҰҰ Атқарушы кеңесінің құрамына кандидатурасы;

- Болгарияның 2023-2025 жж. арналған ЮНИСЕФ Атқарушы кеңесінің құрамына кандидатурасы.

Дата публикации
03 февраля 2020
Дата обновления
03 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары