Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама. 

Ескертпе: визалық сауалнама анық, қолмен, баспа әріптермен толтырылады. Визалық сауалнаманың бірінші беті парақтың алдыңғы бетіне, екінші беті артқы бетіне басып шығарылуы тиіс.

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( Қағидалардың 1-ші қосымшасына сәйкес). 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 75 еуро;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 170 еуро;

– туристік бір мәртелік виза – 50 еуро;

– туристік көп мәртелік виза – 80 еуро;

– транзиттік бір мәртелік виза – 15 еуро;

– транзиттік көп мәртелік виза – 80 еуро;

Елшіліктің есеп айырысу шотына. Шот деректемелері: БАНКОВА СМЕТКА на Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк". Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235 Банков код (BIC): UNCRBGSF

Қабылдау күндері: Сейсенбі және Бейсенбі (мереке күндерінен басқа), міндетті түрде +359-2-862-41-52 телефон, эл.пошта: d.akhsam@mfa.kz  арқылы алдын ала жазылу қажет

келесі сенім телефонына хабарласыңыз: +359-2-862-41-52, +359-87-958-98-21

 

Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары