Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалтуын тіркеу
Құрметті азаматтар,
құжаттарды тапсырған кезде мұқият болуды және «ҚР азаматтығынан шығу» және «ҚР азаматтығын жоғалту» арасындағы айырмашылықты ескеруіңізді сұраймыз.
Азаматтықтан шығу Болгарияда тұрақты тұратын және Болгария азаматтығын қабылдау мақсатында өзінің қолданыстағы азаматтығынан бас тартқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты қолданылады.
Азаматтықты жоғалту Болгария азаматтығын алған азаматтарға қатысты қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шетелдік азаматтықты алғаны туралы фактіні хабарлауға және паспортын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне тапсыруға міндетті.
Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде шетелдік азаматтықты алғаны туралы хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортының, жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі – 1 дана;
Болгария Республикасы паспортының, жеке картасының түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана;
Болгария Республикасының азаматтығын алу туралы Болгария Вице-Президентінің Жарлығының көшірмесі, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен – 2 дана;
аты-жөнін өзгерту туралы куәліктің (тегі немесе өз аты өзгерген жағдайда) түпнұсқасы және көшірмесі – 1 дана;
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім немесе шет елдегі мекеме ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға шешім ресімделгені туралы хабарлама (бар болған жағдайда) – 1 дана.
Елшілік қажетті құжаттар алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын тұлғаның Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы қорытынды жасайды және өтініш берушіні Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқаны туралы хабардар етеді.
Азаматтықты жоғалтуды рәсімдеу үшін консулдық алым алынбайды
Егер Сізге азаматтықты жоғалту туралы анықтама қажет болса, анықтама алу үшін қосымша өтініш жазып, 45 еуро мөлшерінде консулдық алымды төлеу қажет.
Елшілік өтініш берушіге тиісті анықтаманы 5 (бес) жұмыс күні ішінде рәсімдейді.