1) Қазақстан Республикасы Президентінің атына ҚР азаматтығынан шығару туралы өтініш (еркін нысанда жасалады және қолдаухатты берудің себебін түсіндіре отырып) – 2 дана;
2) толтырылған сауалнама-өтініш - 2 дана;
3) өз қолымен егжей-тегжейлі жазылған өмірбаян - 2 дана;
4) фотосурет 3,5х4,5 – 2 дана;
5) ҚР Ішкі істер органдары ресімдеген Болгарияға тұрақты тұруға шығуға рұқсаттың түпнұсқасы және көшірмесі, немесе ҚР Сыртқы істер министрінің 2018 ж. 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына сәйкес шет елдегі мекеме ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға шешім ресімделгені туралы хабарлама - 2 дана;
6) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ресімделген соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – 2 дана;
7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер бұл құжатты болгарлық құзыретті мекемелер берген болса, онда «Apostille» мөрі, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасы - 2 дана;
8) «Apostille» штампы қойылған болгар азаматтығын беретін кепілдіктің түпнұсқасы және қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасы – 2 дана;
9) елшіліктің есепшотына 130 ЕВРО аударғандығы туралы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана;
10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жақын туыстарының (ата-аналарының, жұбайларының, балаларының, туған бауырларының мен қарындастарының) немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса)– 2 дана;
11) барлық отбасы мүшелерінің (ата-аналары, жұбайлары, балалары, туған бауырлары мен қарындастарының) жеке куәлігі мен паспорттарының көшірмелері – 2 дана;
12) паспорттың түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана;
13) туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі - 2 дана.
14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) жазбаша өтініштеріне өздерінің жазбаша келісімдерін тапсырады. Егер азаматтықтан шығу туралы баламен бірге ата-аналарының біреуі өтініш білдірсе, екінші ата-анасының қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен нотариат куәландырған келісімі қажет – 2 дана.
Егер ата-аналар азаматтықтан шығу туралы өтінішті балаларынсыз берсе, онда балалардың туу туралы куәліктерін тапсырудың қажеті жоқ.
Консулдық бөлім өтініш білдірушіден тізімдемеде көрсетілмеген құжатты талап етуге құқылы.
Егер өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда консулдық алым кері қайтарылмайды.
Өтінішті қарастыру мерзімі 6 ай немесе бұдан ұзақ мерзім.