Меню

Страницы

Статья

Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

  • Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (салыстыру үшін);

3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

  • Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

3) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);

4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • жеке тұлғалармен бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
  • хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады;
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • Сомасы – 40 евро

Сейсенбі, бейсенбі:

09:00-дан 12:00-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail: +359-2-862-41-52, d.akhsam@mfa.kz

 

Дата публикации
27 декабря 2023
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары