Меню

Страницы

Статья

ҚР азаматының паспортын ресімдеу

Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттарды ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан – әрі ҚР ІІМ) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;

2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;

3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;

5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;

7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;

8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;

9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

1)  Өтініш - 1 дана;

2) туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана;

3) 16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде және баланың азаматтығын растау үшін оның туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі және ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары - 1 дана;

Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);

4) Қазақстан Республикасы азаматы паспортың түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана;

5) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);

6) неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана. Егер неке Болгарияның аумағында қиылған болса, онда «Apostille» штампы және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы - 1 дана;

7) 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана. Егер аталған құжаттар Болгарияның құзыретті органдарымен берілген болса, онда «Apostille» штампы және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы - 1 дана;

8) Болгарияның көші-қон органдары ресімдеген, тұрақты тұруға рұқсат беретін ықтиярхаттың түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана;

9) болу мәртебесін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

  • оқу орнынан оқу кезеңін растайтын "Apostille" мөртабасы қойылған және қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасы бар анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі – 1 дана. Қазақстанда тұрақты тіркеудің болуы (www.egov.kz - электронды үкімет порталындағы жеке кабинеттен скриншот/үзінді);
  • орыс немесе қазақ тіліне аударылған және нотариус куәландырған қолданыстағы еңбек шартының/келісім-шарттың (бұл ретте жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер осы санатқа жатпайды) түпнұсқасы және көшірмесі – 1 дана; Қазақстанда тұрақты тіркеудің болуы (www.egov.kz - электронды үкімет порталындағы жеке кабинеттен скриншот/үзінді);
  • Болгария Республикасына "тұрақты тұруға" шығу рұқсатының түпнұсқасы және көшірмесі (ҚР паспортындағы белгі, кетудің мекенжай парағы, ҚР Көші-қон органдарының шешімі, анықтамасы немесе ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің бланкісіндегі ресми хат) - 1 дана;
  • жоғарыда аталған ҚР азаматтарына отбасылық қатынасты растайтын құжат;
  • тыныс-тіршілікті шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат - 1 дана. Егер аталған құжаттар Болгарияның құзыретті органдарымен берілген болса, онда «Apostille» штампы және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы - 1 дана. Қазақстанда тұрақты тіркеудің болуы (www.egov.kz - электронды үкімет порталындағы жеке кабинеттен скриншот/үзінді);

10)  Сіз Қазақстан Республикасының азаматы деп танылғаныңыз туралы және болгар азаматтығын алуға өтінішхатпен арызданбағаныңызды растайтын Болгарияның Әділет министрлігінің "Болгар азаматтығы" дирекциясы арқылы алынған, "Apostille" мөртабанымен және қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі  - 1 дана. Аталған анықтама Қазақстан Республикасының Болгариядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне берілгеннен кейін күнтізбелік 30 күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

11) Болгариядағы ҚР Елшілігінің есеп шотына консулдық алымдардың "Юникредит Булбанк" (75 евро) арқылы жасалған төлемді растайтын түбіртектің түпнұсқасы.

  • 90 (тоқсан) күнтізбелік күн.
  • Сумма – 75 еуро
  • Шот деректемелері: БАНКОВА СМЕТКА на Посолството на Република Казахстан в Република България в “Уникредит Булбанк".

    Банкова сметка в евро (IBAN): BG74UNCR70001522627235
    Банков код (BIC): UNCRBGSF
    Най-близкият клон на “Уникредит Булбанк" се намира на адрес: гр.София, пл Света Неделя, 7.

Сейсенбі, бейсенбі:

09:00-дан 12:00-ге дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail: +359-2-862-41-52, abdrakhmanov.a@mfa.kz

 

 

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
16 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары