Меню

Страницы

Статья

Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

1) өтініш-сауалнама;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

3) Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі;

4) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;

5) ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;

7) Консулдық алымды төлеу туралы құжат.

  • 3 (үш) ай.
  • Сомасы – 120 еуро

«Қазақстан Республикасының шегінен уақытша істермен шығып, сол жерде тұрақты тұруға қалу ниетін білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларының» 11-тармағына сәйкес:

  • Ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеуден алдын ала бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ішкі істер органынан бас тарту туралы жазбаша хабарлама келіп түскен және (немесе) "Бүркіт" БАЖ-ға белгі қойылған сәттен бастап            5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жобасын жолдайды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.
  • Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан кемі 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық береді немесе білдіреді.
  • Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешімге қарсылықтары болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолдайды.
  • Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылықтар түссе, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған қарсылықтармен бірге ұсынылған материалдарды (олар бар болса) (бұдан әрі – материалдар) ішкі істер органының қарауына жібереді.
  • Қарсылықтар мен материалдарды алғаннан кейін ішкі істер органы оларды қарастырады және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді. Ішкі істер органы қарсылықтары бар материалдарды қарау қорытындылары бойынша оң шешім қабылдаса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсаттың ресімделгені туралы хабарлама береді.
  • Ішкі істер органы қарсылықтары бар материалдарды қарағаннан кейін бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ішкі істер органының хабарламасы келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолдайды.

Сейсенбі, бейсенбі:

09:00-дан 12:00-ге дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Тел.: , E-mail: +359-2-862-41-52, d.akhsam@mfa.kz

 

Дата публикации
19 декабря 2023
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары