GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Елшілік туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
16 сентября 2026
Солтүстік Македония басшылығы Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалады

Скопье, 2026 жылғы 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Ұлттық жиналыс (Парламент) Спикері Африм Гаши және Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті.

Президент Г.Силяновска-Давкова 2025 жылы Астанаға жасаған сапарын жылы шыраймен еске алып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ізгі тілектерін жеткізді. Ол Мемлекет басшысының Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған стратегиясын жоғары бағалап, саяси реформаларды оңынан атап өтті.

Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Президент Г.Силяновска-Давковаға Президент Қ.Тоқаевтың Солтүстік Македонияның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын табыс етті.

Өз кезегінде Ұлттық мәжіліс Спикері А.Гаши Құрылтаймен тығыз байланыс орнатуға мүдделігін білдірді. С.Бұршақов Құрылтайдың қызметі туралы кеңінен ақпарат берді.

Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Т.Муцунски Елшінің Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған Құрмет грамотасын табыс етті. Министр екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тереңдетуге сенім білдірді.

Солтүстік Македония басшылығы С.Бұршақовты Құрылтай депутаты болып сайлануымен құттықтады.

08 сентября 2026
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.
05 августа 2026
Қазақстан Охридте Құрметті консулдық ашады

Охрид, 2026 жылғы 4 тамыз – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Охрид қаласында ресми сапармен болды.

Қала әкімі Кирил Пецаковпен кездесу барысында мәдени алмасу мен туризмді дамытуға ерекше назар аудара отырып, ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Елші С.Бұршақов аймақ басшысына Қазақстан Республикасының Охридтегі жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Гиоргие Войновикті таныстырып, оған салтанатты түрде Консулдық патент табыс етті.

Сонымен қатар, С.Бұршақов қала басшысын еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.

Қ.Пецаков муниципалитеттің қызметі, оның тарихы, аймақтың экономикалық әлеуеті, биыл шілде-тамыз айларында болып жатқан 66-шы дәстүрлі «Охридско лето» жазғы мәдени фестивалінің бағдардамасы туралы айтып берді. Қазақ өнерпаздарын осы бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды.

Тараптар Охридте Қазақстан Құрметті консулдығының ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге серпіліс беретінін атап өтті.

К.Пецаков жуырда Қазақстан өкілінің қатысуымен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитеті мүшелерінің Охридте болған танысу миссиясын ризашылықпен атап өтіп, ЮНЕСКО Комитетіне Охрид аймағының мәдени нысандары мен қоршаған ортасын қорғау және сақтау  бойынша конструктивті ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Елші Охрид мэріне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері» атты естелік кітабын табыс етті.

Анықтама: Охрид - Солтүстік Македонияның оңтүстік-батысындағы көркем курорттық қала (шамамен 50 мыңға жуық халқы бар), Еуропадағы ең терең Охрид көлінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан, бұл елдегі негізгі туристік бағыттардың бірі.

Охрид VII ғасырдан бері белгілі, оның көп этникалық құрамы оған македондықтар, албандар, түріктер, влахтар, сербтер, босниялықтар кіреді.

Көптеген шіркеулер мен монастырлардың арқасында қала Балқан және еуропалық Иерусалим деп аталады. Охрид аймағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Жыл сайын жазда «Охридско лето» мәдени фестивалі өтеді. Охрид тарихи қала мен танымал жазғы курорттың ерекшеліктерін біріктіреді.

Охрид халықаралық әуежайы қазіргі таңда негізінен  Ыстанбұл, Вена, Варшава, Милан, Амстердам, Цюрих, Базель, Братислава, Дортмунд қалаларымен қатынас жасайды.

03 августа 2026
Әлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен Comic Con Astana 2026 фестивалі өтеді

Елордада 6-9 тамыз аралығында бесінші рет Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шарада кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және заманауи поп-мәдениет жанкүйерлері бір алаңда бас қосады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2026 жылы Comic Con Astana былтырғыдай бірден екі алаңда өтеді. Фестивальдің басты сахнасы мен хедлайнерлермен кездесулер Barys Arena кешенінде өтеді.

Ал «Алау» мұз сарайы тақырыптық аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын алаңдары, түрлі таныстырылымдар, интерактивті бағдарламалар және қонақтарға арналған ойын-сауық аймақтары орналасатын ауқымды көрме кеңістігіне айналады.

Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы хедлайнері ретінде «Тақтар ойыны» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлі арқылы әлемге танылған даниялық актер Николай Костер-Вальдау жарияланды. Оның фильмографиясында «Қара сұңқардың құлауы», «Аспан патшалығы», «Обливион», «Мысыр тәңірлері», «Мама», «Бос кеңістікке оқ», сондай-ақ «Оның маған айтқан соңғы сөзі» және «Патша мен жаулаушы» сериалдары бар.

Comic Con Astana қонақтарының қатарында тағы бір әлемге танымал актер – Иньяки Годой болады. Ол Netflix платформасындағы ең сәтті жобалардың бірі саналатын One Piece сериалында басты кейіпкер Манки Д. Луффиді сомдап, ең жас актерлерінің біріне айналды. Бұдан бөлек, ол «Жетілмегендер», «Сараны кім өлтірді?» секілді сериалдар арқылы да көрерменге жақсы таныс.

Фестиваль аясында Иньяки Годой басты сахнада жанкүйерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату мен фотосессияларға қатысады.

Халықаралық кино жұлдыздарымен қатар Comic Con Astana 2026 фестиваліне танымал блогерлер, контент авторлары мен әлемдік косплей индустриясының өкілдері де қатысады.

Фестивальдің арнайы қонақтары:
Kamui Cosplay – Германиядан келген, жоғары сапалы косплей костюмдерін жасаумен танылған әлемге әйгілі шығармашылық дуэт;
SuperCrastan (Даня Крастер) – ғылыми-көпшілік контент пен ерекше инженерлік жобаларымен танымал орыстілді YouTube-блогер;
Jane Kravitz – жұмбақ оқиғалар, зерттеулер және деректі бейнеэсселерге арналған YouTube арнасының авторы;
Karrambaby – сән, саяхат және күнделікті өмір туралы контент жариялайтын танымал ресейлік видеоблогер;
Dobryak – миллиондаған қаралым жинаған анимациялық роликтердің авторы, орыстілді YouTube кеңістігіндегі ең танымал аниматорлардың бірі;
Dalbek – фильмдер, мультфильмдер мен анимацияға арналған шолуларымен танымал қазақстандық блогер.

Comic Con Astana фестивалінің дәстүрлі бөлігі – халықаралық косплей байқауы. Жыл сайын түрлі елдердің үздік қатысушылары бас қосатын байқаудың биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл оны өңірдегі ең ірі косплей турнирлерінің біріне айналдырып отыр.

Өткен жылдары Comic Con Astana Орталық Азиядағы ең ірі заманауи поп-мәдениет фестивалі ретінде танылды. Әр жылдары оның хедлайнерлері қатарында Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Эсай Моралес, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және Александр Кузнецов болды.

23 июля 2026
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы Скопьеде өткен халықаралық конференцияда таныстырылды

Скопье, 2026 жылғы 20 шілде – Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұршақов «Дін – соғыс құралы: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы Дінаралық диалог пен ынтымақтастық жөніндегі IV дүниежүзілік конференцияда сөз сөйлеп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы баяндама жасады.

Іс-шараға Охрид және Македония Архиепископы, Скопье митрополиті Стефан, Солтүстік Македония Ислам діни қауымдастығының басшысы Шакир Фетаи, Солтүстік Македонияның Мәдениет және туризм министрлігінің басшылығы, Скопьедегі Әулие Кирилл мен Мефодий атындағы университеттің өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Сербия, Болгария, Германия, Нидерланд, Бельгия, Италия, Аустрия, Мажарстан, Португалия, Литва, Аргентина, Хорватия, Испания, Израиль, Чехия, Иран, Польша, БАӘ және Эквадордан келген ғалымдар мен діни-сарапшылық орталықтардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі өз баяндамасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындылары туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол конфессияаралық татулық пен өзара құрмет қазіргі әлемдегі қоғамдық келісімнің маңызды негіздерінің біріне айналғанын атап өтіп, Астанада ұйымдастырылып жүрген Съездің дінаралық үнқатысуды дамытуға, өзара сенімді нығайтуға және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін беделді жаһандық алаң ретінде қалыптасқанын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстанның түрлі діндер мен мәдениеттер өкілдері арасындағы сындарлы диалогты дамытуға ерекше мән беретіні және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін жаһандық сын-қатерлерге ортақ жауап іздеуге мүмкіндік беретін бірегей халықаралық платформа ретінде қарастыратыны атап өтілді.

Конференцияға қатысушылар қазақстандық тараптың баяндамасына жоғары баға беріп, Астана Съезінің қазіргі халықаралық дінаралық үдерістердегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Конференция делегаттарына VIII Съездің қорытындысы бойынша қабылданған «Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» таратылды.

Іс-шара Скопьедегі Әулие Кирилл мен Мефодий атындағы университеттің Мәдениетаралық зерттеулер орталығымен ұйымдастырылып, Солтүстік Македонияның Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен өтті.

20 июля 2026
Ұлы Дала әуендері Солтүстік Македония жұртшылығын таң қалдырды

Скопье, 2026 жылғы 20 шілде –16-19 шілде аралығында Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшілігі осы елдің бірнеше өңірінде, атап айтқанда  - Скопье, Куманово және Кратово қалаларында Қазақ әуендерінің күндерін ұйымдастырды. Қарағандыдан келген «Аяла» хореографиялық тобы мен «Тарлан» фольклорлық ансамблі жазғы фестивальдар аясында салтанатты өнер көрсетіп, жұртшылыққа «Ұлы Дала әуендері» атты концерттік бағдарлама ұсынды. Фестиваль іс-шараларына Солтүстік Македония, Түркия, Сербия, Парагвай және Пуэрто-Риконың шығармашылық ұжымдары қатысты.

Домбыраменқобыз және сазсырнайда ойнаған «Тарлан»ансамблініңорындауында ұлы қазақкомпозиторларыныңкүйлері меншығармалары шырқалды.Аялабитобы қыздарының  «Шашу»,«Құстар»жәнет.б. ұлттықәуендерменұштастырылған би композициялары көрермендердіңшынайықызығушылығымен дүрбелең қошеметіне бөленді.

17 шілдеде «Скопско лето» фестивалі аясында Скопье қаласында өткен қазақстандық әртістердің жеке концертіне Энергетика министрі Саня Божиновска, Үкімет, мәдениет және туризм министрлігі, баспасөз, дипломатиялық корпус өкілдері, жалпы жұртшылық және өнер қайраткерлері қатысты. Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Македония жұртшылығын Қазақстанның бай мәдени мұрасының элементтерімен таныстырды.

Қазақ әртістерінің презентациясын жергілікті жұрт жоғары бағалап, жарқын және жағымды эмоцияларды, сондай-ақ қойылымдардың техникалық шеберлігі мен эмоционалдық қанықтылығын атап өткен көптеген қолайлы пікірлер тудырды. Қазақ шығармашылық ұжымдарының Солтүстік Македонияға қатысуы Қарағанды қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

09 июля 2026
Ұлы Даланың жан дүниесі Скопье жүрегінде жаңғырады!

Құрметті достар!

«Скопско лето» фестивалі аясында өтетін Қарағанды қаласынан келген «Аяла» бишілер тобының және «Тарлан» фольклорлық ансамблінің «Ұлы Дала әуендері» деп аталатын концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.

17 шілде, сағ. 20:30, Скопье қаласы, Франкофония саябағында.

Қазақ ұлттық өнерін Еуропа төрінде паш етуге қолдау көрсеткен Қарағанды қаласының Әкімдігіне алғысымызды білдіреміз.

15 июня 2026
Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды

Астана, 2026 жылғы 1 маусым – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды.

Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді діни қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Талқылаудың негізгі арқауы – «Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» және 2023–2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері болды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов өз сөзінде мемлекет пен конфессиялар арасындағы әріптестіктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақстандық модель аясында азаматтық бейбітшілікті нығайту үшін зайырлы институттар мен діни бірлестіктердің тең құқылы серіктес ретінде бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанын және бұл ең тиімді тәсіл екенін алға тартты.

Орталықтың Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай діни дипломатия әрбір қақтығысты шеше алмаса да, ең күрделі әрі шиеленісті кезеңдердің өзінде диалогты сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысал ретінде ол 2025 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен VIII Съезді келтірді. Таяу Шығыстағы жағдай аса сезімтал кезеңде өткен жиында иудей және мұсылман өкілдері бір үстел басында отырып, өз жұмыстарын жалғастыра алған.

Басқарма төрағасы Г. Қожабай бүгінде рухани дипломатия нақты іс-қимылдарға көшуі тиіс екенін алға тартты. Атап айтқанда, ол жасанды интеллектке арналған этикалық қағидаларды қалыптастырудан бастап, климаттың өзгеруі сын-қатерлеріне бірлесіп жауап беруге дейінгі бағыттарды қамту қажеттігін жеткізді. Осы мақсатта Орталық әзірлеген «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» атты екі жобаға ерекше тоқталды.

Аргентина Ахмадия мұсылман қоғамының президенті Марван Сарвар Гилл ислам дәстүріндегі бейбітшіліктің әмбебап сипатына назар аударды. Ол Мұхаммед пайғамбардың іліміне сүйене отырып, адамның қадір-қасиеті нәсіліне, ұлтына немесе шыққан тегіне байланысты болмауы тиіс екенін, ал бейбітшілік таңдаулы сипатқа ие болмауы керектігiн атап өтті. Оның сөзінше, мұндай ұстаным жаһандық қауіпсіздіктің маңызды рухани негіздерінің бірі болып саналады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессор міндетін атқарушысы Юлия Шаповал цифрлық радикализмнің күшеюіне ерекше назар аударды. Ол діни және сарапшылық қауымдастықтар жаңа ақпараттық сын-қатерлерден артта қалмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстары, бейбітшілік пен жасампаздыққа үндейтін контент цифрлық кеңістікте белсенді таралып, әлеуметтік желілердегі деструктивті материалдарға қарсы тұруы қажет.

«Өркениеттер альянсы» халықаралық орталығы басқармасының төрағасы Иван Иванов этникалық және діни зорлық-зомбылықтың алдын алуда сыни ойлаудың маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, білім беру тек тұлғалық болмысты қалыптастырып қана қоймай, ар-ождан, жанашырлық пен жауапкершілік сезімін де тәрбиелеуі қажет. Осы тұрғыда философия мен этика білім беру бағдарламаларында маңыздырақ орын алуы тиіс екенін айтты.

Қазақстандағы Евангелиялық-лютеран шіркеуінің басшысы Ростислав Новгородов, Қазақстан Бахаи қауымдастығының өкілі Тоқжан Қожахметова және Somaiya Vidyavihar университетінің ректоры Рудракша Сакрикар жастардың ерекше рөліне тоқталды. Спикерлердің айтуынша, жас ұрпақ тек білім алушы ретінде емес, бейбітшілік, өзара құрмет пен ынтымақтастық мәдениетін ілгерілете алатын әлеуметтік өзгерістердің белсенді қатысушысы ретінде қарастырылуы тиіс.

Ресей ғылым академиясы Философия бөлімінің меңгерушісі Сергей Мельник 2027 жылы «Арамыздағы ортақ сөз» құжатының 20 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізуді ұсынды. Бұл бастама ислам-христиан диалогын одан әрі дамытуға және діни дәстүрлер арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар конфессияаралық диалогтан тұрақты бейбітшілік, жаңа технологиялар этикасы, климаттық жауапкершілік, білім беру және радикализмнің алдын алу салаларындағы практикалық ынтымақтастыққа көшу маңызды екенін атап өтті.

 

03 июня 2026
Қазақстан ЖИ қабылдау деңгейі елдердің ТОП-30 қатарына енді

OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездесу өтті. Тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруды, ChatGPT Edu құралдарын енгізуді, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен мамандар арасында ЖИ-ді пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған серіктестіктің алдағы бағыттарын талқылады. Кездесу барысында OpenAI өкілдері Қазақстанда ЖИ пайдаланылуы туралы сараптамалық деректерді ұсынды.

Еліміз жасанды интеллектті енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына кіріп, Орталық Азияның басқа елдерінен айтарлықтай алда келеді: салыстырмалы түрде айтсақ, жаһандық рейтингте Қырғызстан 52-орында, ал Өзбекстан жан басына шаққандағы ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану бойынша әлемдік рейтингте 58-орынға ие болды. Бұл нәтижелер қазақстандық қоғамның озық ЖИ-құралдарын іс жүзінде қолдануға барынша дайын екенін айғақтайды.

«Біздің жасанды интеллектті дамытудағы жүйелі бастамаларымыз ең алдымен қоғамның өзінің дайындығына арқа сүйейді. Зерттеу нәтижелері жаңа технологияларға деген қызығушылықты ғана емес, сонымен бірге жасанды интеллектті пайдаланудың орнықты тәжірибелік дағдыларының дамығанын да көрсетеді. Азаматтар қазірдің өзінде жасанды интеллектті білім алу, жұмыс міндеттерін орындау, ақпарат іздеу және контент жасау үшін өздерінің күнделікті өміріне белсенді түрде кіріктіруде. Мұндай жоғары енгізу деңгейі ЖИ-ді білім беруге, бизнеске және мемлекеттік басқаруға интеграциялау, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылардың бірі ретіндегі позициясын нығайту үшін қажетті іргетасты қалайды.», - деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

OpenAI білім беру саласындағы халықаралық бағытының жетекшісі Валери ФОККЕ: «Қазақстан қазірдің өзінде жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатқан елдердің бірі болып табылады: мұнда ChatGPT-ді пайдалану деңгейі халықаралық өлшемдер бойынша жоғары, жастар ЖИ-дің белсенді пайдаланушысы, ал жалпы алғанда технологияларды қолдану ерлер мен әйелдер арасында тең бөлінген. Келесі қадам - адамдарға жасанды интеллектпен бұдан да көп пайда алуға көмектесу. Сондықтан, технологияларға қолжетімділік студенттер, оқытушылар және болашақ мамандарға нақты мүмкіндіктерге айналуы үшін, біз жауапты ЖИ-құралдарын педагогтарды даярлаумен, жергілікті енгізумен және нәтижелерді талдаумен ұштастыра отырып, білім беру бастамаларын іске асыруда Қазақстанмен ынтымақтастық орнатып отырмыз» -деді.

ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану деректері негізіндегі Қазақстандағы ЖИ құралдарын қолдану талдауы:

Қазақстандықтар нейрожеліні көбінесе практикалық нұсқаулықтар алу (32,8%), мәтіндерді жазу және өңдеу (25%), сондай-ақ ақпарат іздеу (18%) үшін пайдаланады.

Хабарламалардың 42%-дан астамы сұрақтар немесе ақпарат беру туралы сұраныстар ретінде қалыптастырылады. Шамамен 32%-ы белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталса, 26%-ы өзін-өзі көрсетуге қатысты.

Енгізудің негізгі пайдаланушылары - жастар. 18-ден 24 жасқа дейінгі топ хабарламалардың 36,2%-ын, ал 25-тен 34 жасқа дейінгілер - 35,8%-ын құрайды. Жиынтықтап алғанда, 18-34 жас аралығындағы пайдаланушылар барлық сұраныстардың 72%-ын қамтиды. Бұл ретте, жастар ЖИ-ді мәтіндермен және мультимедиамен жұмыс істеу үшін жиірек пайдаланса, 25-34 жастағы пайдаланушылар техникалық көмек алу үшін қолданады.

Әдетте ерлер мен әйелдерге тиесілі есімдері бар пайдаланушылар бірдей дерлік болып шықты.

Айта кетейік, OpenAI өкілдерінің бұл сапары Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі ұлттық жоба аясында өтіп жатыр. Осы бастамаға сәйкес, еліміздегі 165 мың педагог арнайы білім беру ұйымдарына арнап әзірленген ChatGPT Edu нұсқасына қолжетімділік алады.

Жобаның технологиялық серіктесі — Bilim Group IT-холдингі. Компания OpenAI шешімдерін оқу процесіне кіріктірумен айналысады, сонымен қатар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні пайдаланудың әдістемелік тәжірибелерін әзірлеуге атсалысады. OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары Bilim Group экожүйесіне кіретін Bilim UpSkill жобасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

12 мая 2026
Қазақстанның Елшісі Скопьеде өткен дипломатиялық теннис турниріне қатысты

Скопье, 2026 жылғы 10 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Республикасы Сыртқы істер және сыртқы сауда министрлігінің күні мен Еуропа күніне орай Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің эгидасымен өткен «Бизнес дипломатиямен кездеседі» атты дипломатиялық теннис турниріне қатысты.

Іс-шараға Босния және Герцеговина, Испания, Қазақстан елшілері, сондай-ақ АҚШ, Словакия, Швейцария елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Турнирдің символикасын атап өте келе, дипломатиялық корпус пен іскерлік орта өкілдерін біріктірген дипломатиялық теннис турнирі бейресми қарым-қатынас жасау және кәсіби байланыстарды нығайту үшін тиімді алаңға айналды.

Қазақстандық дипломаттың турнирге қатысып, құрметті екінші орынға ие болуы Солтүстік Македониядағы дипломатиялық корпусының қоғамдық және спорттық өміріне белсенді араласуға деген ұмтылысты айқындап, бұл салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары