Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2016 жылы екі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Республикасында Македония мәдениетінің күндері өтті.

2016 жылдың қазан айында Қазақстан Үкіметі 2016 жылғы жойқын су тасқынына байланысты Македонияға гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігі СМР-ның арнайы шотына 50 мың еуро аударды.

2017 жылдың 19 желтоқсанында Скопьедегі «Ст. Клемент Охрид» Ұлттық университетінің кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Македониялық тарапқа қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 100-ден астам көркем әдебиет, ғылыми публицистика және басқа да жанрдағы кітаптар берілді. Іс-шара барысында ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасы мен “Охридтік Әулие Клемент” Ұлттық университетінің кітапханасы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шара «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті» жобасына сәйкес ұйымдастырылды.

2019 ж. 11 шілде -11 тамыз аралығында Скопьедегі Ұлттық археологиялық мұражайында бүкіл әлем мұражайлары арқылы «Алтын адам шеруі» жобасы аясында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» атты көрме ұйымдастырылды. Бас экспонаты «Алтын адам» болған көрменің мақсаты – шетелдік көрермендерді Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрмеге ҚР Ұлттық музейінің қорынан барлығы 292 экспонат қойылды.

2020 жылдың 8 қазанында Скопьеде «XXIX Interferst-Bitola» халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында А.Мұсаходжаеваның концерті өтті.

Солтүстік Македонияның спорттық делегациясы 2024 ж. қыркүйекте Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары