Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы тауар айналымы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 5,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,3% - ға жоғары (3,7 млн.). Экспорт – 204 мың доллар (негізінен ферроқорытпалар, құрама құрылыс конструкциялары, металл), импорт - 5,5 млн. Импорттың негізгі тауарлары: бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар - 4,1 млн. доллар (74,2% үлесімен).
2022 және 2023 жылдары екі ел арасындағы сауда тиісінше 9,3 млн. доллар (экспорт-7,3 млн., импорт-2 млн.) және 4,4 млн. доллар (экспорт – 289,1 мың, импорт-4,1 млн.) көлемінде болды.
2020 жылғы қазанда құрылған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия екіжақты өзара іс - қимылдың маңызды тетігі болып табылады. Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы 2022 ж. 3 қарашада Скопьеде тең төрағалар - ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров пен РСМ Экономика министрі К.Бектешидің қатысуымен өтті.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Македония сауда-өнеркәсіптік палатларының арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда македониялықтардың қатысумен 10 компания бар: ЦМХ Солюшнз Дооел (консалтинг), «Илан-Сена» ЖШС (қоғамдық тамақтандыру), «Kaz-Mak International» ЖШС (сауда), «Bestcom 2000» ЖШС (қызмет көрсету секторы), «Alfa-GIPS» ЖШС (қоғамдық тамақтандыру), «Никаз» ЖШС (сауда), «INA Energy CA» ЖШС (энергияны сату), «Leoron Training and Development» ЖШС (білім беру), Бизконсулт -2014 Дооел (консалтинг), Адинг а.д. Скопье (құрылыс).
«Солтүстік Македония Республикасының орталық реестрі» мемлекеттік компаниясының мәліметі бойынша, қазақстандық қатысумен 4 компания бар: Balk Petrol (өндіріс, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету, сауда), Anna and Mark Production (өндіріс, фильм өндірісі, қызмет көрсету), Rainbow және Sun (өндіріс, сату, қызмет көрсету), Amor International SM (сауда, қызмет көрсету).