
1995 жылы 1 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2014 жылы желтоқсанда Қазақстанда Солтүстік Македония Республикасының Елшілігі ашылды
Қазақстан Республикасының Елшілігі Скопьеде 2024 жылғы наурызда ашылды.
2024 жылғы мамырдан бері Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Елшісі қызметін С.Бұршақов атқарады.
2020 жылғы қарашадан Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі С.Лимани.
Саяси ынтымақтастық
Жоғары деңгейдегі сапарлар:
Президент Г.Иванов 2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты және 2012 ж. 1-3 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды.
СМР Премьер-Министрі Н.Груевски 6-шы Астана экономикалық форумына және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның жұмысына қатысты (2013 жылғы 22-24 мамыр).
2024 ж. 13 қарашада Бакуде өткен СОР – 29 БҰҰ Климаттық саммиті аясында ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен СМР Президенті Г.Силяновска- Давкованың екіжақты кездесулері ұйымдастырылды.
Үкімет деңгейіндегі сапарлар:-
СМР Сыртқы істер министрлері А.Милошоски 2008 ж. қазанда және 2010 ж. шілдеде Қзақстанда жұмыс сапармен, ал Б.Османи 2021 ж. қыркүйекте және 2023 ж. тамызда ресми сапарлармен болды. 2014 жылдың мамыр айында Қазақстанға СМР Қоршаған орта және материалдық жоспарлау министрі А.Адеми келді.
Солтүстік Македонияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары – Сыртқы істер министрлері М.Тілеубердінің 2022 ж. қарашада ресми сапары және М.Нұртілеудің 2023 ж. қарашада жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Ведомстволық деңгейдегі байланыстар:
2017 ж. 15-17 қарашада Скопьеде Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Р.Василенко және А.Точидің қатысуымен СІМ-аралық саяси консультациялардың бірінші раунды өтті. 2018 . 12 қазанда Астанада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Р.Василенко мен А.Жерновски саяси консультациялардың екінші раундына қатысты.
2019 ж. 21-23 тамызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғ.Нұрдәулетов Скопьеде ресми сапармен болды. Сапар барысында ол Мемлекеттік Прокурор Л.Йовескимен және СМР Әділет министрі Р.Дескоскамен кездесті.
2022 ж. 3 қарашада Скопьеде Қазақстан және Солтүстік Македония Экономика министрлері А.Қуантыров пен К.Бектешидің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы болып өтті.
Парламентаралық ынтымақтастық
2016 ж. 29 қыркүйек – 2 қазан аралығында Қазақстан Парламенті Сенатының бір топ депутаттары Скопьеде өткен ЕҚЫҰ ПА күзгі сессиясына қатысты. 2019 ж. 18-22 сәуірде Мәжіліс депутаты П.Казанцев ЕҚЫҰ атынан СМР президенттік сайлауына байқаушы ретінде қатысты.
2019 жылғы 23-26 қыркүйекте СМР Жиналысының Төрағасы Т.Джафери Астанада өткен Еуразия елдерінің парламент Спикерлерінің 4-ші отырысына қатысты.