Көрнекті философ және ғалым әл-Фарабиге арналған халықаралық онлайн Конференциясына 16 елден 200-ден астам қатысушылар қатысты

Көрнекті философ және ғалым әл-Фарабиге арналған халықаралық онлайн  Конференциясына 16 елден 200-ден астам қатысушылар қатысты
Конференция 2020 жылдың 21 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Сингапур, Малайзия және Индонезиядағы Елшіліктерінің бастамасымен жүзеге асырылды.
 
Аталған іс-шара ғалымдар мен зерттеушілерді, Ислам мәдениетінің философиясы мен тарихы саласындағы мамандарды, оқытушыларды, студенттерді, журналистерді және қоғам қайраткерлерін біріктірді.
 
Баяндама жасағандардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Малайзия Халықаралық Ислам университеті әл-Газали Ислам ойы кафедрасының меңгерушісі Осман Бакар, Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің доценті Асыл Төлеубеков, Индонезия Ислам және қоғамдық ғылымдар саласындағы лекторлық зерттеулер ассоциациясының төрағасы Хумаиди, М.Уд, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Анар Танабаева, Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің доценті Айжан Досқожанова.
 
Конференция қатысушылары ұлы философтың шығармашылық мұрасына бірыңғай көзқарастарын біріктіріп, әл-Фарабидің зерттеулері мен шығармашылығы Батыс пен Шығыс арасындағы рухани көпірге айналғаны атап өтілді. Көрнекті ойшыл-гуманист бола отырып, ол ежелгі және Ислам әлемдерінің философиялық көзқарастарын бір оратаға келтіріп, ал оның трактаттары «Қайта өрлеу» дәуірінде Еуропадағы дүниетанымның қалыптасуына және ғылымның дамуына тікелей әсер еткізді.
 
Орта ғасырлардағы Ұлы Альберт, Фома Аквинский сияқты белгілі Еуропалық философтар өздерінің теориялық зерттеулерінде әл-Фарабидің еңбектеріне сүйенген. Ибн Сина мен Ибн Рушд әл-Фараби мұрасының таралуына және оның бүкіл еуропалық мәдениіне ықпалын тигізді. Олардың жұмысының арқасында арабша еркін сөйлеген Роджер Бэкон, сондай-ақ Бенедикт Спиноза, Томас Гоббс, Рене Декарт және басқа да ғалымдар мұсылман философтарының ілімдерін зерттей алды. Аристотельдің, Платонның және басқа да грек философтарының әл-Фараби трактаттарындағы идеяларына еуропалық ойшылдардың оралуы Еуропада «Қайта өрлеу» - ренессанс дәуірінің пайда болуына ықпал етті. Сондықтан да әл-Фараби жұмыстары Шығыс пен Батыс мәдениетінің жақындасуы мен өзара түсіністігін бейнелейді.