
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасында және Жаңа Зеландиядағы Елшілігі жанындағы № 285 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасы және Жаңа Зеландиядағы Елшілігі жанындағы №285 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін (мемлекет атауы) аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) info.singapore@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2023» белгісімен алдын ала жіберу қажет.