Қазақстан мен Сингапур мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау үшін мемлекеттік технологиялар саласындағы әріптестікті зерделеуде

Қазақстан мен Сингапур мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау үшін мемлекеттік технологиялар саласындағы әріптестікті зерделеуде

Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Құттықадам мырза мен Сингапур мемлекеттік технологиялық агенттігі (GovTech) атқарушы директорының орынбасары Генри Чанг мырза GovTech штаб-пәтерінде кездесті.

Кездесу мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау саласындағы екіжақты байланыстарды тереңдету мүмкіндіктерін зерттеуге арналды.

Елші Асқар Құттықадам Сингапурдың экономикалық өсу мен әлеуметтік даму үшін мемлекеттік технологияларды қолданудағы көшбасшылығын жоғары бағалады.

Ол Қазақстанның осы маңызды саладағы жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы мемлекеттік технологиялар саласында берік әріптестік құруға сенім білдірді.

Генри Чанг мырза Қазақстанның әсерлі ілгерілеуін мойындап, цифрлық жетілу мен инновацияға қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы) делегациясының 2023 жылғы сәуірде Сингапурға жоспарланған жұмыс сапары барысында нәтижеге бағдарланған диалогты жалғастыруға уағдаласты.