2020 жылғы 3-4 ақпанда Сингапур делегациясының Нұр Султанға жұмыс сапары

2020 жылғы 3-4 ақпанда Сингапур делегациясының Нұр Султанға жұмыс сапары

2020 жылы 3-4 ақпанда Қазақстан Республикасына Сингапурдың Сауда және Индустрия Аға министрі Ко По Кунг бастаған делегациясы Нұр-Сұлтанға жұмыс сапары орын алуда.

 

Сапар жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасудың дәстүрлі тәжірибесінің бөлігі ретінде байланыстарды қолдау және екі ел арасындағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын анықтау мақсатында жүзеге асырылуда. Бұл сапардың маңыздылығы, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі бір қатар өзгерістерден кейін экономикалық жолдағы жоғары деңгейдегі байланыстарды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Айта айтқанда, қатынастардың негізі еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сингапурдың бірінші Премьер-Министрі Ли Куан Ю арасындағы тығыз және шынайы достықтың арқасында қаланды.

 

Сапар аясында ҚР Сауда және индустрия министрі Б.Сұлтановпен, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Б.Атамқұловпен, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық индустрия министрі А.Жұмағалиевпен, ҚР Әділет министрі М.Бекетаевпен, АХҚО басшысы К.Келімбетовпен кездесулер жоспарланған. 

 

Сингапур басшылығының сапарлары дәстүрлі түрде сингапурлық бизнес үшін шет елдермен ынтымақтастық орнатудың маңызды белгісі болып табылуда. Осы сапар аясында бірқатар стратегиялық жобалар, оның ішінде қызмет, инвестициялар, еркін сауда туралы келісімге қол қоюға дайындық, құрылыс және инфрақұрылым саласындағы жобалар, инновациялар мен технологияларды коммерцияландыру, цифрландыру, Қазақстанның көліктік-логистикалық және транзиттік әлеуетін дамыту, интеллектуалды меншікті қорғау мәселелері талқыланады.