Асқар Жұмағалиев Сингапурдың аға мемлекеттік министрі Ко По Кунды қабылдады

Асқар Жұмағалиев Сингапурдың аға мемлекеттік министрі Ко По Кунды қабылдады

2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев Нұр Сұлтан қаласында Сингапурдың Сауда және индустрия аға мемлекеттік министрі Ко По Кунды қабылдады.

 

Сингапур инновация саласындағы танымал көшбасшылардың бірі болғандықтан, пікірталас ақылды қалаларды дамыту мен цифрландыру мәселелеріне арналды. Осы салада бірқатар бірлескен жобаларды іске асырудың оң нәтижелері атап өтілді. Бүгінгі таңда Қазақстан АХҚО қызметіне Сингапур технологиялық шешімдерін сәтті енгізді.

 

Сингапурда Қазақстанның ғылыми әлеуетін насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарының 130-дан астам инновациялық идеялары сингапурлық әріптестерінің қарауында, олардың 14-і осы тақырыпқа қызығушылық танытты. Кездесу барысында тараптар Сингапурдағы қазақстандық стартаптардың қатысуын кеңейтудің маңызды тенденциясын атап өтті.