
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігі @E_Consul_RK_in_Singapore телеграм бот іске қосылғаны туралы хабарлайды, онда Елшіліктің жұмысы мен қызметтеріне қатысты ақпараттар бар.
Боттың функциялары арқасында, Сіз, Қазақстан мен Сингапурға виза алу, консулдық тіркеу, өңдеу, заңдастыру, құжаттарды талап ету және нотариалдық қызметтер бойынша сұрақтарға жедел жауап ала аласыз. Үлгілер мен қолдану тәртібі, сауалнамалар және анықтамалық материалдар еңгізіледі.
Бұл қалай жұмыс істейді?
1. Telegram мессенджерінің іздеу жолағына @E_Consul_RK_in_Singapore енгізіңіз;
2. Диалог терезесін ашқаннан кейін «бастау» түймесін басыңыз;
3. Сізді қызықтыратын элементтердің біреуін мәзірден таңдаңыз.
Боттың жұмысы туралы өз ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді singapore@mfa.kz электрондық мекен-жайына жіберуіңізді болады.
Назарыңызға! Боттың қызметтерін тек Telegram пайдаланушылары ғана пайдалана алады.