Елші Сингапурға келген Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистранттарымен кездесті

Елші Сингапурға келген Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистранттарымен кездесті

2022 жылғы 21 маусымда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінде модульдерді өту үшін Сингапурға келген Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистранттарымен кездесті.

Пандемия басталғаннан бері алғаш рет 80 студент оффлайн форматында халықаралық деңгейдегі профессорлардың дәрістерін 2,5 апта бойы тыңдайды, сондай-ақ Сингапурдың мемлекеттік органдарына, халықаралық ұйымдары мен ҮЕҰ-ға барады.

Назарбаев Университеті мен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2012 жылы қол қойылды.