Көрсетілетін қызметті алушы ЖЕКЕ ӨЗІ немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, Елшілікке жүгінген кездегі виза рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Визалық сауалнама ( Визалық сауалнаманы жүктеу);
Визалық сауалнама қолмен анық немесе ВКП-ны пайдалану арқылы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде толтырылады. Визалық сауалнаманың сұрақтарына жауаптар толық болуы тиіс. Визалық сауалнамаға виза алушының өзі қол қояды (кәмелетке толмаған балалардың атынан виза алу үшін визалық құжаттарға олардың заңды өкілдері қол қояды).
2) Фотосуреті (3,5х4,5)
Құжаттарды ресімдеу кезінде, Визалық сауалнамаға желімделген фотосурет, бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік мұндай бас киіммен паспорттағы фотосуретте бейнеленген жағдайда, азаматтың фотосуреті жасына сай келуі және қара түсті көзілдіріксіз, бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген болуы тиіс.
3) Вербалдық нота/ виза санатын алушының қолдаухаты/ ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақыру (шақырушы тарап виза алушыға шақыруды жібереді);
4) Шет мемлекет азаматының жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;
Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:
- түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;
- Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза алушыларды қоспағанда, визаларға арналған кемінде 2 таза бет болуы тиіс;
- Қазақстан Республикасының аумағынан кету арналған виза алушыларды қоспағанда, қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.
5) Өтінішкердің негізгі мәліметтер бар паспорт парағының көшірмесі;
6) Виза алушыны тіркеу орнынды растайтын құжаттың көшірмесі (Сингапур / Жаңа Зеландияның азаматтары болмаған өтінішкер үшін);
7) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балаларға виза рәсімдеу үшін);
8) Консулдық алым төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы ( Банк шотының деректемелерін жүктеу);
9) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар ( 1-қосымшаны жүктеу).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.
«С1» санаттағы визалар үшін – 5 ай және ұсынылған құжаттарға қосымша зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 айға дейін ұзартылады.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.
Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі ( Эл.виза туралы ақпаратты жүктеу).
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – виза алушылар) Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібі Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен
бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларымен анықтайды (Қағидаларды жүктеу).
Елшілікте бас тарту салдары мен себептерін хабарламай виза беруден бас тартуға құқығы бар.