Алғашқы өлеңін 10 жасында жазып, 59 жасына дейін 170-тен астап өлең жазып, 20-дан астам ән жазған. 45 қара сөз жазып, сол кездің тұрмысын, адамдардың мінез-құлқын сипаттап кеткен. Сол қара сөздері қай заман да болса да актуальды, себебі ол қазақтың болмысын, қоғамның келбетін көрсетіп кеткен.

Семейдегі Қалбатау деген жерде Зере әжеге ескерткіш қойылғанын білеміз. Әлемді білуге құштар немересін алдына алып отырған абыз әже бейнеленген ескерткіш нағыз қазақы қалыпты көрсетеді. Әже мен немеренің отырысы, көзқарасы, түрлі детальдар яғни ұлттық нақыштарымыз шынайы көрінеді.

Абай қазақтардың бойынан "адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам" деп үміттенеді, бірде, "сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді" деп екеуінің ортасында толғанады. Осыны айта келіп, адамдардың қоғамда сол ортаны жақтырмаса да қайнасып, бірлесіп өмір сүретіндігін, жаманды жақсысын бәрін қабылдауына тура келетіндігін айтады.

Әрине, адам өмірде талпынып, тіршілік етеді. "Ырыс алды - тірлік" деген түсінік бар қазақта. Бірақ, Абай осы қу тіршілікте тірлік етемін деп адамгершіліктен таймауға шақырады. Кеудеден жан шыққанша жеке басыңның қамы үшін ғана өмір сүрсең ондай тірлік ит те де бар дейді. Иттен, хайуанннан айырмашылығың болу үшін көкірегің ояу, көңілің тірі болсын дейді ол. Бұдан кейін өмірді жақсы түсіну үшін Абайды қайта оқу қажеттілігін түсінесің.

Абайдың әр қара сөзінде зор тәрбие-тәлім жатыр. Адам өлшеніп берген өмірін қор қылмай, керісінше оқу-білім жинап, жалған бес күннің арзан ойын-күлкісіне малданбай, өзінен кейін жақсы істер қалдырса деген жанашырлықты көздейді.
Кез келген халықта өмірі мен шығармашылығы, артында қалдырған мұрасы жалпыұлттық идеяны көрсететін тұлғалар болады. Қазақтың тарихы мен танымындағы сондай тұлғаның бірі емес, бірегейі – Абай Құнанбайұлы. Қытайлар Конфуцийді, Орыстар Толстойды қалай дәріптесе, әр қазақ Абайдың одан да биік дәрежеде бағалап, дәргейін түсірмеуі керек.