Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.
Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Шет елдерде құжаттарды заңдастыруды Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағында – Қазақстан Республикасы Сырқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (Қағидаларды жүктеу).
Маңызды! 2021 жылғы 18 қаңтарда Сингапур Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының 1961 жылғы 5 қазандағы Конвенциясына ("апостиль туралы Конвенция") қосылды. Апостиль туралы Конвенцияны күшіне енгізу үшін Сингапур Заң Академиясы (Singapore Academy of Law) 2021 жылғы 16 қыркүйектен бастап барлық сингапурлық құжаттарға апостиль қояды. Қазақстан апостиль туралы Гаага Конвенциясына 2001 жылғы 30 қаңтарда қосылды. Апостиль құжатқа қойылғаннан кейін, ол апостиль туралы Конвенцияның (Қазақстанды қоса алғанда) кез келген Уағдаласушы тарапында Сингапурдан тыс жерде ұсынылуы мүмкін және заңды заңды қолдары немесе мөрлері бар құжат ретінде қабылдануға тиіс.
Құжаттарды заңдастыру рәсімі
Құжатты заңдастыру үшін өтінішті Сингапурдағы Қазақстан Елшілігінің Консулдық бөліміне берер алдында құжатты апостиль туралы конвенцияға қатысушы болып табылмайтын елдің атынан өкілдік ететін Консулдық бөлімінде куәландыру қажет.
Елшілікте құжаттарды заңдастыру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҮШІН:
1) еркін нысандағы өтініш (тұлғаның аты-жөнін, мекен-жай, телефонның нөмірін, күн мен қолын, заңдастыруға жататын құжаттың атауы мен санын көрсету қажет);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
3) заңдастыруға жататын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
4) 35 АҚШ доллар сомасына консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (1 құжат үшін) *;
5) өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (өкіл/сенім жүктелген тұлға арқылы құжаттарды тапсырғанда)
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҮШІН:
1) еркін нысандағы өтініш (компанияның фирмалық бланкыда компанияның атын, мекен-жайын, телефонның нөмірін, күн мен ресми тұлғаның қолын, заңдастыруға жататын құжаттың атауы мен санын көрсету қажет);
2) заңдық тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері (компания бар екенін растайтын құжаттар);
3) уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
4) заңдастыруға жататын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
5) 35 АҚШ доллар сомасына консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (1 құжат үшін) *;
6) өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (өкіл/сенім жүктелген тұлға арқылы құжаттарды тапсырғанда).
Шетелдік мекемелермен және ұйымдармен берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және нотариалдық түрде куәландырылуы қажет.
* Банк шотының деректемелері:
Төлем процесі туралы ақпаратты алу үшін DBS кеңсесіне хабарлауды сұраймыз.
Төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.