- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiм
2003 жылғы 10 қарашада Сингапурда Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды. Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне ендi. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы №1097 қаулысымен бекітілді.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім
2006 жылғы 19 қыркүйекте Сингапурда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қойылды. 2007 жылғы 29 мамырдағы №256 ҚР Заңымен ратификацияланды. 2007 жылғы 14 тамызда күшіне енді.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама
2013 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. 2014 жылғы 30 маусымдағы №216-V ҚР Заңымен ратификацияланды.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім
2018 жылғы 21 қарашада Сингапурда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Келісім күшіне енген жоқ, мемлекетішілік рәсімдерді өтуде
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату тәртібі туралы келісім
2018 жылғы 21 қарашада Сингапурда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату тәртібі туралы келісімге қол қойылды. Келісім 2019 жылғы 21 қазанда күшіне енді
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы қызметтер көрсету және инвестициялар саудасы туралы келісім
2023 жылғы 22 мамырда Астанада қол қойылды.