Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

                  

Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды.

2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ол 2008 ж. 11 желтоқсанда ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

2023 ж. 21 қазанда Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстанның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2014 ж. 28 мамырдан бастап резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудин болып табылады.

2017 жылдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Сағынәліұлы Омарқожаев ҚР-дағы Сингапурдың Құрметті консулы болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

                 

Жоғары деңгейдегі саяси диалог екі ел арасындағы тұрақты достық қатынастардың негізі болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың СР (1996 және 2003 жж.)  және Сингапурдың Бірінші Премьер - Министрі Ли Куан Ю Қазақстанға (1991 ж. қыркүйек - аға министр лауазымында) ресми сапарлары саяси диалогтың негізін қалап, екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтады.

2023 жылғы 21-23 мамырда Сингапур Президенті Халима Якоб ел тарихында Қазақстан мен Орталық Азияға алғашқы сапарын жасап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Сонымен қатар, сапар аясында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Президент Халима Якобтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур Бизнес форумы өтті.

                 

 

               

Саяси диалогты қолдау және тереңдету үшін ҚР Үкімет басшыларының (2010 ж. қазан, 2015 ж., 2018 ж. қараша) Сингапурға сапарлары, сондай-ақ СР экс-Премьер-Министрі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгтың (2016 ж. қыркүйек) сапары маңызды рөл атқарды.

2016 жылғы 11 шілдеде Астана қаласында бірінші Қазақстан-Сингапур арасындағы саяси консультациялар өтті және оған оның алдында Сыртқы істер министрлері деңгейінде жасалған сапарлар алмасуы бастамасы болды.

2019 жылғы 14-15 қазанда Нұр-Сұлтан қаласына Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хин бастаған Сингапур делегациясының сапары өтті.

2019 жылғы желтоқсанда АСЕМ СІМК алаңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнанмен келіссөздер өткізді.

2020 ж. 3-4 ақпанда СР Сауда және индустрия мемлекеттік аға министрі Ко По Кун Нұр-Сұлтан қаласына келіп, ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, Әділет министрі М.Бекетаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев және АХҚО басшысы Қ.Келімбетовпен кездесулер өткізді.

Парламентаралық ынтымақтастық ілгерілеп келеді. 2021 жылы екі елдің Парламенттерінде екіжақты достық топтары құрылды.

2021 ж. 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті. Іс-шара барысында тараптар ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

2021 ж. 21 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы шеңберінде Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнанмен кездесу өткізді.

2022 ж. 15 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапурға алғашқы ресми сапарын жасады. Сапар барысында Министрді Сингапур Республикасының Президенті Халима Якуб Истанның ресми резиденциясында қабылдады.

Сапар барысында, Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Халықтық іс-қимыл партиясының төртінші буын (4G) командасының саяси жетекшісі Лоуренс Вонгпен, Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнанмен және Еңбек ресурстары министрі, Екінші сауда және өнеркәсіп министрі Тан Си Ленгпен келіссөздер жүргізді.

2022 жылғы 10-14 қазан аралығында Сингапур Премьер-Министрінің Кеңсесіндегі министрі, Сингапурдың Екінші Сыртқы істер министрі және Екінші Білім министрі Малика Осман Астанаға сапары өтті, оның шеңберінде Сингапур делегациясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек, "АХҚО" Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесті.

2023 жылғы 13-15 сәуірде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Жамаубаев Ерұлан бастаған ҚР үкіметтік делегациясының Сингапур Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар аясында делегация басшысының СР Үкіметінің аға мүшелерімен, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Лоуренс Вонгпен және Еңбек ресурстары министрі, Сауда және индустрияның екінші Министрі Тан Си Ленгпен, сондай-ақ бірқатар сингапурлық компаниялардың бірінші басшыларымен келіссөздері ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тараптар екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды мәнін атап өтті.

Документы
Новости
Полезные материалы
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Сингапурдағы гастрольдері өтті
Медиагалерея
10
Қазақстан Республикасының Ұлттық күні 2023
10
Сингапур Президенті Халима Якобтың Қазақстанға мемлекеттік сапары
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instargram
Telegram
Twitter
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары