GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бас Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Все материалы
21 октября 2026
«OQ Startup»: шетелде тұратын жас отандастарға арналған байқау

«Отандастар» қоры шетелде тұратын жас этникалық қазақтарды «OQ Startup» байқауына қатысуға шақырады. Бастама олардың жобаларын дамытуға қолдау көрсетуге және Қазақстанмен байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы шет мемлекеттердің азаматтары қатыса алады. Ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық әрі әлеуметтік салалардағы жобалар қабылданады. Іске асырылып жатқан бастамалармен қатар, жүзеге асыру жоспарланған жобалар да қаралады.

Қатысу үшін ұзақтығы екі минуттан аспайтын бейнеролик немесе көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация, сондай-ақ жобаның PDF форматындағы қысқаша сипаттамасы ұсынылуы қажет. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2026 жылғы 30 қазанға дейін Oqbaiqau@gmail.com электрондық поштасына қабылданады. Құжаттарға қатысушы туралы мәліметтер: толық аты-жөні, азаматтығы, жасы, университетінің атауы және оқу курсы қоса берілуі тиіс.

02 октября 2026
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САТУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы, заңды мекенжайы: Шанхай қ., Лоушаньгуань көшесі, 85, 1005–1006 кеңселер — автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

Аукцион 2026 жылғы 20 қазанда сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: 10000, Шанхай қ., Лоушаньгуань көшесі, 85, 1005–1006 кеңселер.

Сату объектісі (лот) туралы мәліметтер:

№1 лот:
Жеңіл автокөлік
Маркасы: Toyota Previa
Түсі: күміс түсті
Шығарылған жылы: 2013
Жүрілген жолы: 131 744,00 км
Қозғалтқыш көлемі: 2362 см³, бензин
Жалпы жағдайы: техникалық ақауы бар, жөндеуді қажет етеді
Бастапқы бағасы: 1 328,45 (бір мың үш жүз жиырма сегіз) АҚШ доллары 45 цент.
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 199,27 (жүз тоқсан тоғыз) АҚШ доллары 27 цент.
Бағаны көтеру бойынша аукцион қадамы 5%: 66,42 (алпыс алты) АҚШ доллары 42 цент.

01 октября 2026
Шанхай Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады

Шанхай, 2026 жылғы 30 қыркүйек 

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Шанхай қаласының Халық үкіметінің шақыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.

Іс-шарада Қытай Коммунистік партиясы Шанхай қалалық комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласының мэрі Чжу Чжунмин құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне тоқталып, Шанхайдың халықаралық экономикалық, қаржылық, сауда, көлік және ғылыми-технологиялық орталық ретіндегі позициясын нығайтуды қоса алғанда, қаланы одан әрі дамытудың басым бағыттарын атап өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас консулы Н.Аққошқаров Чжу Чжунминді Шанхай қаласының мэрі болып сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Чжу Чжунмин 2026 жылғы 30 қыркүйекте Шанхай қаласының 16-шақырылымдағы Халық өкілдері жиналысының бесінші сессиясында Шанхай қаласының мэрі болып сайланды.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Шанхай қаласын, сондай-ақ Цзянсу, Чжэцзян және Аньхой провинцияларының бүкіл аумағын қамтитын Янцзы өзені атырауы өңірі арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін растады.

Салтанатты қабылдауға Шанхай қаласы басшылығының, дипломатиялық корпустың, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері қатысты.

18 сентября 2026
Шанхай қаласы мен Цзянсу өлкесінің басшыларымен кездесулер туралы

Шанхай – Сучжоу – Нанкин, 2026 жылғы 7–11 қыркүйек

2026 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Қытайда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерінің ҚКП Шанхай қалалық комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Чжу Чжунминмен өткен ұжымдық кездесуіне қатысты.

Кездесу ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Шанхай қаласы және Цзянсу провинциясының халық үкіметтерімен бірлесіп, 2026 жылғы 7–11 қыркүйек аралығында дипломатиялық корпус өкілдері үшін Шанхай – Сучжоу – Нанкин бағыты бойынша ұйымдастырған танымдық сапары аясында өтті.

Чжу Чжунмин дипломаттарды мегаполистің 2026–2030 жылдарға арналған дамуының негізгі бағыттарымен, соның ішінде инвестиция тарту, жоғары технологияларды дамыту, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру және Шанхайдың халықаралық ынтымақтастығын кеңейту шараларымен таныстырды.

Сучжоу қаласында дипломаттар қаланың өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетімен, сондай-ақ Сучжоу индустриялық паркінің қызметімен танысты. Сапардың қорытынды күні Нанкин қаласында ҚКП Цзянсу провинциялық комитетінің хатшысы Синь Чансинмен кездесу өтіп, оның барысында өңірдің шет елдермен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту келешегі талқыланды.

Шанхайдағы іс-шараға ҚР Бас консулы Н.Аққошқаров, ал Сучжоу мен Нанкин қалаларындағы сапар бағдарламасына ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулдығының консулы Е.Тұрсынов қатысты.

03 сентября 2026
Шаңхайда Қазақстанның 9-шы Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысуына дайындық мәселелері талқыланды

Шаңхай, 2026 жылғы 2 қыркүйек

2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығында Қытай халықаралық импорт көрме (CIIE) Бюросы бас директорының орынбасары Сяо Лу және сол Бюро халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Ян Цюминмен кездесу өтті.

Кездесу барысында ү.ж. қараша басында Шаңхайдың Ұлттық көрме орталығында өтетін кезекті 9-шы Қытай халықаралық импорт көрмесіне (CIIE) Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері талқыланды.

Биыл CIIE көрмесіне 65 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның қатысуы күтілуде. Қазақстан Республикасы аталған көрмеге дәстүрлі түрде жыл сайын қатысып келеді. Олардың қатарында 2025 жылғы маусымда Шаңхай қаласымен бауырластық қатынастар орнатқан Алматы қаласы да бар. Халықаралық көрмеде 50-ден астам қазақстандық компания отандық өнімдерін таныстыру үшін Шанхайға келуге дайындалып жатыр.

Сұхбат кезінде қазақстандық кәсіпорындардың ірі қытайлық компаниялармен, сауда желілерімен және әлеуетті импорттаушылармен B2B-кездесулерін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс қазақстандық өнімдерді ілгерілетуге және олардың Қытай нарығындағы үлесін кеңейтуге бағытталған.

Тараптар сондай-ақ CIIE аясында Қазақстанның ұлттық брендтерін ілгерілету, сондай-ақ отандық өнімдердің қытайлық тұтынушылар мен іскер топтар арасындағы танымалдығын арттыру үшін көрме мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар CIIE-2026 аясында ұлттық экспозицияны дайындау және іскерлік бағдарламаны қалыптастыру мәселелері бойынша үйлестіру жұмысын жалғастыруға уағдаласты.

02 сентября 2026
Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты

Шаңхай қ., 2026 ж. 23 тамыз

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №458 сайлау учаскесінде консулдық округ аумағында жүрген ҚР азаматтары өз конституциялық құқығын пайдаланып, Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Аталған сайлау учаскесінде Бас консулдық азаматтардың еркін ерік білдіруі үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Таң ата қазақстандықтар өз азаматтық қалауын жасау үшін сайлау учаскесіне келді.

Дауыс беруге Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ студенттері, Қытайда жұмыспен жүрген отандастар, сондай-ақ Шаңхайда қызметтік іссапарда және қала арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары қатысты.

Көптеген отандастар үшін елден жырақта жүріп дауыс беру ерекше маңызға ие. Осыған орай, Бас консулдық жанындағы сайлау учаскесі шетелде жүрген азаматтарға өз таңдауын жасауға және еліміздің маңызды қоғамдық-саяси оқиғасына тікелей қатысуға мүмкіндік берді.

 

29 июня 2026
Алматы қаласы қазақ халқы мұрасының 100 бірегей жәдігерін Шаңхайда кеңінен таныстырды

Шаңхай, 2026 жылғы 26 маусым

Шаңхай тарихи мұражайында Алматы қаласы музейлер бірлестігі Қазақстанның Шаңхайдағы Бас консулдығының, Алматы және Шаңхай қалалары әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырған қазақ халқының бай мәдени мұрасына арналған көрменің ашылу рәсімі өтті. Мұндай жобалар мәдени дипломатияның маңызды құрамдас бөлігі және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Көрме Қытайдағы ең ірі музей орталықтарының бірі – Шаңхай тарихи мұражайында ашылды. Бұл жерге жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген мың адам келеді. Экспозиция Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін, рухани құндылықтарын және төл мәдениетін паш етіп, келушілерді Ұлы даланың мұрасымен бірегей музей жәдігерлері арқылы таныстырмақ.

Көрмені өткізу 2025 жылғы маусымда Алматы мен Шаңхай қалалары арасында бауырлас қалалар туралы байланыстардың орнатылуының нәтижесінде мүмкін болып, өткен жылы қарашада Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Шаңхайға жасаған ресми сапары және биыл сәуірде Шаңхай мэрі Гун Чжэннің Алматыға қарымта сапары арқасында екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті.

Экспозицияда Алматы музейлерінің қорларынан алынған қазақ халқының бай тарихи мұрасының шамамен 100 бірегей жәдігері ұсынылған. Көрме екі мегаполис арасындағы достық пен мәдениет байланыстарын нығайтуға бағытталған нақты қадам болып табылады және Қытай жұртшылығына Қазақстанның бай мәдениетін, тарихын және дәстүрлерін жақынырақ таныстыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Алматы музейлерінің коллекциялары Еуропа мен Азияның түрлі қалаларында сәтті таныстырылды.

Көрменің ашылуына ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің, Шаңхай қаласының Сыртқы істер кеңсесінің, муниципалитеттің Мәдениет және туризм басқармасының өкілдері, консулдық корпус уәкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шаңхай қаласында көрме 2026 жылғы 30 тамызға дейін ашық болады.

20 мая 2026
Шанхайда Қазақстан мен Цзянсу провинциясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Шанхай, 2026 жылғы 30 сәуір

Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығында Цзяңсу провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер канцеляриясы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты негізгі салаларда нығайтуға бағытталған кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Кездесудің басты тақырыбы 2026 жылғы маусым айының ортасына жоспарланған Цзяңсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чансиннің Қазақстанға (Алматы және Астана қалалары) сапарын пысықтау болды. Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында қазақ тарапы тиісті деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге және қытайлық серіктестердге лайықты қабылдау жасауға дайын екенін растады.

Іскерлік байланыстарды ынталандыру мақсатында тараптар Қазақстан қалалары мен облыстары делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Қытай тарапы Цзяңсу провинциясы басшылығының алдағы сапары аясында Қазақстанда бизнес-форум өткізуді ұсынды. Бұл форум екі өңірдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнатуға және екі елдің қалалары мен өңірлері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға негізгі алаңға айналуы тиіс.

Бас консул Н. Аққошқаров Цзяңсу провинциясының экономикалық әлеуетін жоғары бағалады: 2025 жылы өңірдің жалпы өнімі 2 трлн. АҚШ долларына жетіп, өсім 5,3%-ды құрады. Тараптар логистика, энергетика, инфрақұрылым, IT және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Цзяңсу өкілдері үшін Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ерекше қызығушылық тудырады, мұнда 5000 шетел компаниялары ішінде 1000-нан астам қытай компаниясы тіркелген. Дипломат инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Цзяңсу делегациясының АХҚО қызметімен таныстуды ұсынды.

Бас консул сондай-ақ «Наурыз» мейрамын сәтті өткенін атап, бұл мерекені жыл сайын Қытайдың әртүрлі провинцияларында өткізуді ұсынды. Өз кезегінде, Цзяңсу провинциясы Сыртқы істер канцеляриясының директоры Лу Хуалян келесі мейрамды 2027 жылы Цзянсу өңірінде өткізуге ұсыныс жасады.

29 апреля 2026
АХҚО мен Шаңхай қор биржасы инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Шаңхай, 2026 жылғы 28 сәуір

2026 жылғы 28 сәуірде Шаңхайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Шаңхай қор биржасы-мен бірлесіп «AIFC Connect: Shanghai 2026» іскерлік іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты нығайту, қытайлық инвесторлармен тікелей байланыстарды дамыту және АХҚО инфрақұрылымы арқылы жобаларды ілгерілету болды.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Шаңхайдағы Бас консулы Нурлан Аққошкаров қазақ-қытай қатынастарының стратегиялық сипатын атап өтіп, инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдету, капитал нарықтарын ықпалдастыру және екіжақты іскерлік байланыстарды кеңейту басымдықтарын көрсетті. Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларына жетіп, тұрақты өсім бар екенін көрсетіп отыр.

Іс-шара аясында АХҚО, Жасыл қаржы орталығы және бизнес өкілдері, соның ішінде KAZ Minerals, Solidcore Eurasia және ITS CSD жобаларын таныстырды. Қатысушыларға инвестициялық бағыттардың кең ауқымы ұсынылды — тау-кен металлургиясы, инфрақұрылымдық жобалар, цифрлық шешімдер және «жасыл» қаржыландыру құралдары.

Капитал нарықтарын ықпалдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылауға Самрук-Казына АҚ, China International Capital Corporation, Freedom Broker және Jiaxin International Resources Investment Ltd өкілдері қатысты.

Форум аясында АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен International Green Economy Association арасында экологиялық бастамаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ AIFC Insights талдау орталығы Орталық Азия мен Кавказ елдерінің капитал нарықтарына шолу ұсынып, Қазақстан аймақтағы ең ірі қаржы нарығы мәртебесін сақтап отырғанын, облигациялар нарығының көлемі шамамен 81 млрд АҚШ долларын құрайтынын атап өтті.

Маңызды нәтижелердің бірі ретінде Astana International Exchange биржасында юаньмен номинацияланған облигацияларды (панда-бондтарды) орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту жарияланды. 2026 жылғы сәуірде AIX Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет Самрук-Казына АҚ-ның 3 млрд юань көлеміндегі панда-бондтарын орналастырды. Бұл қытай капиталын тартудың қосымша арнасын қалыптастырады.

Жаһандық декарбонизация үрдісіне жауап ретінде халықаралық құралдармен, соның ішінде I-REC сертификаттары мен көміртек кредиттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін AIFC Carbon Platform аймақтық көміртек платформасы таныстырылды.

Сондай-ақ әуе кемелерін лизингке беру және қаржыландыру мәмілелерін құрылымдауға арналған АХҚО авиациялық хабының мүмкіндіктері ұсынылды.

Іс-шара Қазақстан мен Қытайдың бизнес және қаржы институттары өкілдері арасында нақты жобалар мен ынтымақтастық бағыттары талқыланған екіжақты кездесулермен (B2B) аяқталды.

Анықтама: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін юрисдикция болып табылады және инвестициялар тарту, капитал нарықтарын дамыту және қаржы құралдарын енгізу үшін өңірлік платформа қызметін атқарады. AIFC Connect форматы инвесторлармен тікелей өзара іс-қимылға бағытталған және бұған дейін Сингапур, Лондон, Дубай, Абу-Даби, Сеул, Гонконг және Бейжің сияқты жетекші қаржы орталықтарында өткізілген.

2025 жылғы 30 маусымда Astana International Exchange және Шаңхай қор биржасы екі ел биржалары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

10 апреля 2026
Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе қатынасын ашты

Шаңхай, 2026 жылғы 09 сәуір

2026 жылғы 9 сәуірде Шаңхай қаласында Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Air Astana жүзеге асыратын Алматы – Шаңхай бағыты бойынша жаңа тікелей әуе рейсін салтанатты түрде ашты. Бұл рейстің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты, әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін береді.

Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров іс-шараға қатысып, Алматы – Шаңхай арасындағы жаңа бағыттың ашылуы екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды жандандыруға бағытталған стратегиялық маңызды қадам екенін атап өтті.

Жаңа бағыттың 2026 жылғы 7–10 сәуір аралығында Шаңхай қаласының мэрі Гун Чжэннің Қазақстанға жасаған сапары кезінде ашылуы ерекше мәнге ие болды. Бұл қадам 2025 жылғы маусымда орнатылған Алматы мен Шаңхай қалалары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтудың жарқын дәлеліне айналды.

Салтанатты іс-шараға Air Astana басшылығы, Шаңхай қаласының Сыртқы істер басқармасының өкілдері, сондай-ақ мегаполистің мемлекеттік органдары мен іскерлік топтардың жетекшілері қатысты. Бұл тараптардың өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жоғары деңгейде мүдделі екенін көрсетті.

Air Astana әуе компаниясының жаңа рейсті іске қосуы тікелей әуе тасымалына деген өсіп келе жатқан сұранысқа жауап береді және Қазақстанның көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосымша серпін беріп, өңіраралық ынтымақтастық пен екіжақты қатынастардың одан әрі жандануына ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, бұл Қазақстанның Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары