Шанхайда Қазақстан-Қытай сауда-инвестициялық өзара іс-қимылын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

Шанхайда Қазақстан-Қытай сауда-инвестициялық өзара іс-қимылын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 2025 жылғы 6 наурыз – Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитетінің (ҚХСЖК), Халықаралық сауда палатасының және Шанхай қаласындағы әлемдік сауда орталығы қауымдастығының төрағасы Чжоу Миньхаомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Шанхай қаласы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2025 жылы түрлі бірлескен сауда-инвестициялық іс-шараларды өткізуді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Шанхай қаласындағы ҚХСЖК арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.

Шанхай қаласындағы ҚХСЖК жұмысының негізгі бағыттары Шанхай қаласының шет елдермен сауда-инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету, сондай-ақ халықаралық төрелік саласындағы қытайлық және шетелдік кәсіпорындарға жәрдем көрсету болып табылады.