Қазақстанның Шанхайдағы Достық клубының үшінші отырысын өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Достық клубының үшінші отырысын өткізді

Шанхай қ., 2024 жылғы 18 желтоқсан – Қазақстан-Қытай ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы Қазақстанның Шанхайдағы Достық клубының 3-ші отырысын өткізді.  

Аталған іс-шара жұмысына Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы, Шығыс Қытай педагогикалық университеті, Шанхай шет тілдер университеті, Шанхай саяси ғылымдар және құқық университеті, сондай-ақ Чжэцзян қаржы және экономика университеті сияқты жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жалпы, Қазақстанның Шанхайдағы Достық клубының 3-ші отырысы жылы және достық атмосферада өтті, оның барысында Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға байланысты көптеген мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.