Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Жаңа даму банкіне барды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Жаңа даму банкіне барды

Шанхай қ., 2024 жылғы 17 желтоқсан – Жаңа даму банкі басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы қаржы мекемесіне барып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ Жаңа даму банкінің Вице-президенті, Бас операциялық директоры В.Қазбековпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты банктік-қаржылық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Жаңа даму банкі арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.