«China Eastern Airlines» әуекомпаниясының басшылығымен екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

«China Eastern Airlines» әуекомпаниясының басшылығымен екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 2024 жылғы 14 қазан – Қытайдың ең ірі авиакомпанияларының бірі «China Eastern Airlines» (China Eastern) басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы кәсіпорында болып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ China Eastern авиакомпаниясының Атқарушы вице-президенті Ван Цинчаомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен China Eastern авиакомпаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.