
Шанхай, 2024 жылғы 11 қазан – «NIO Inc.» (NIO) компаниясының шақыруымен, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы кәсіпорында болып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ NIO компаниясының Қоғамдық байланыстар департаментінің Аға директоры Тан Годунмен кездесу өткізді.
Айта кету керек, NIO компаниясы электромобильдердің әртүрлі модельдерін жобалау және өндіру салаларында, сондай-ақ электромобильдерге арналған батареяларды ауыстыру станцияларында және т.б. салалар бойынша маманданған.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инновациялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен NIO компаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.