«Commercial Aircraft Corporation of China, Ltd.» компаниясының басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

«Commercial Aircraft Corporation of China, Ltd.» компаниясының басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 2024 жылғы 11 қазан – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов «Commercial Aircraft Corporation of China, Ltd.» (COMAC) корпорациясының Маркетинг және сату орталығы Бас менеджерінің орынбасары Юэ Юньфэнмен кездесу өткізді. Айта кету керек, COMAC корпорациясы ARJ21 және C919 азаматтық ұшақтарын шығаратын Қытайдағы ең ірі авиакомпаниялардың бірі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен COMAC компаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.