
Нанкин, 2024 жылғы 10-11 қыркүйек – ҚР Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Қытайдың ірі сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, инновациялық және көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылатын Цзянсу провинциясына барды.
Осы сапар аясында ҚР Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің Төрағасы Сюй Куньлинмен кездесу өткізді, оның барысында тараптар Қазақстан өңірлері мен Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстандық делегация қытайлық «SOHO Group», «Greenland Group» және «Shanghai Fresh Hippo Network Technology Co., Ltd.» компанияларының, сондай-ақ Ляньюньган қаласының (Цзянсу провинциясы) және «Пудун» жаңа ауданының (Шанхай қаласы) сауда делегациялары басшылығымен кездесулер өткізді. Жоғарыда аталған кездесулер барысында тараптар екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, қазақстандық делегация «Цзянсу – Орталық Азия» Орталығының ашылу салтанатына қатысты.