Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы жұмыс сапарымен Чжэцзян провинциясына барды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы жұмыс сапарымен Чжэцзян провинциясына барды

Ханчжоу, 2024 жылғы 5-6 қыркүйек – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында Қытайдың ірі инновациялық, сауда, индустриялық және көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылатын Чжэцзян провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Ханчжоуда Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Чжэцзян провинциясы Халықтық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің Басшысы Гу Цзяньсинмен, Чжэцзян провинциясы Халықтық үкіметінің Коммерция комитеті Төрағасының орынбасары Ху Чжэнфан және Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы) Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті Төрағасының орынбасары Сун Биньмен кездесулер өткізді.

Жоғарыда аталған кездесулер барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Чжэцзян провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2024 жылы түрлі бірлескен іс-шараларды өткізуді талқылады.