
Ханчжоу, 2024 жылғы 5 қыркүйек – «Zhejiang Dahua Technology Co., Ltd.» (Dahua) корпорациясы басшылығының шақыруымен, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы кәсіпорында болып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ Dahua компаниясының Вице-президенті Ни Лянмен кездесу өткізді.
Айта кету керек, Dahua корпорациясы Қытайдағы ең ірі жоғары технологиялық кәсіпорындардың бірі болып табылады, ол бейнебақылау өнімдерінің әртүрлі түрлерін, сондай-ақ ақылды қалаларды, кәсіпорындарды және т.б. дамыту салаларындағы әртүрлі инновациялық өнімдер мен шешімдерді шығаруға маманданған.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми-технологиялық, өнеркәсіптік және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Dahua компаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.