
Шанхай, 2024 жылғы 2 қыркүйек – «Commercial Aircraft Corporation of China, Ltd.» (COMAC) корпорациясы басшылығының шақыруы бойынша, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы авиакәсіпорынға барып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ COMAC корпорациясының Маркетинг және сату орталығы Бас менеджерінің орынбасары Юэ Юньфэнмен кездесу өткізді.
Айта кету керек, COMAC Қытайдағы ARJ21 және C919 сияқты азаматтық ұшақтарды шығаратын ең ірі авиация компанияларының бірі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен COMAC компаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.