Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Чжанцзян» ғылым қаласына (Шанхай қ.) барды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Чжанцзян» ғылым қаласына (Шанхай қ.) барды

Шанхай, 2024 жылғы 28 тамыз – «Чжанцзян» ғылым қаласы (ЧҒҚ) (Шанхай қ.) басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов ЧҒҚ «Роботтар алқабы» ғылыми-технологиялық паркіне барып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ ЧҒҚ басқару жөніндегі кеңсе Директорының орынбасары Фу Цзюньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен «Чжанцзян» ғылым қаласы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.