Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Shanghai Fresh Hippo Network Technology Co., Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Shanghai Fresh Hippo Network Technology Co., Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 23 тамыз 2024 жыл – «Shanghai Fresh Hippo Network Technology Co., Ltd.» (Fresh Hippo) компаниясы басшылығының шақыруы бойынша, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы кәсіпорында болып, Fresh Hippo компаниясының Бас менеджерінің орынбасары Ли Вэймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Fresh Hippo компаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.