
Шанхай, 2024 жылғы 16 тамыз – Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов «Пудун» Жаңа ауданындағы (Шанхай қ.) Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті (ҚХСЖК) Төрағасының орынбасары Цю Сянжунмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен «Пудун» Жаңа ауданы (Шанхай қ.) арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ 2024 жылы бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізуді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен «Пудун» Жаңа ауданындағы (Шанхай қ.) ҚХСЖК арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.