Шанхайда Ляньюньган қаласымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Шанхайда Ляньюньган қаласымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Шанхай, 2024 жылғы 9 тамыз – Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов Ляньюньган қ. (Цзянсу провинциясы) Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитетінің (ҚХСЖК) Төрағасы Пин Хаошэнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Ляньюньган қаласы (Цзянсу провинциясы) арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2024 жылы бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізуді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Ляньюньган қ. ҚХСЖК арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.

Ляньюньган қаласындағы ҚХСЖК жұмысының негізгі бағыттары Ляньюньган қаласының шет елдермен сауда-инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету, сондай-ақ халықаралық төрелік саласындағы қытай және шетелдік кәсіпорындарға жәрдем көрсету болып табылады.