Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Shanghai IVEN Pharmatech Engineering Co., Ltd.» компаниясында болды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Shanghai IVEN Pharmatech Engineering Co., Ltd.» компаниясында болды

Шанхай, 9 тамыз 2024 жыл – «Shanghai IVEN Pharmatech Engineering Co., Ltd.» компаниясы басшылығының шақыруы бойынша Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы кәсіпорында болып, оның негізгі қызметімен танысты, сондай-ақ IVEN компаниясының Бас менеджері Чэнь Юнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен IVEN компаниясы арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.