Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай қ. Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай қ. Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 2024 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі басшысының орынбасары Е Лянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Шанхай қаласы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2024 жылы бірлескен іс-шараларды өткізуді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда аталған бағыттар бойынша екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында ҚР Шанхай қ. Бас консулдығы мен Шанхай қ. Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі  арасында тығыз байланыста болу уағдаластығына қол жеткізілді.