Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Shanghai Happy Valley» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Shanghai Happy Valley» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 2024 жылғы 30 шілде – «Shanghai Happy Valley» компаниясы басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытайдың ірі аттракцион саябақтарының бірі «Happy Valley» саябағына барып, осы мекеменің Бас менеджері Ху Вэймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен «Shanghai Happy Valley» компаниясы арасындағы түрлі екіжақты мәдени-гуманитарлық жобаларын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.