Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай халықаралық зерттеулер академиясына барды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай халықаралық зерттеулер академиясына барды

Шанхай, 2024 жылғы 19 шілде – Қазақстан-Қытай ғылыми өзара іс-қимылын одан әрі дамыту аясында Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай халықаралық зерттеулер академиясына (ШХЗА) барып, онда ШХЗА президенті Чэнь Дунсяомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ 2024 жылы бірлескен ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады.

Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы 1960 жылы құрылған және әлемдік саясат пен экономика, дипломатия және жаһандық қауіпсіздік салаларындағы заманауи үрдістерді зерттеумен айналысатын Қытайдағы ең ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады.