Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Қытай халықаралық импорттық көрмесі бюросының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Қытай халықаралық импорттық көрмесі бюросының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 11 шілде 2024 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытай халықаралық импорттық көрмесі бюросының (ҚХИКБ) Көрмелер департаментінің директорының орынбасары Чжан Шэньминьмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Чжан Шэньминь 7-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесіне (5-10 қараша 2024 ж., Шанхай қ.) ҚХИКБ-нің дайындық жұмыстары туралы хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен ҚХИКБ арасындағы жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.

ҚХИКБ ақпараты бойынша, 7-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесі 2024 жылғы 5-10 қарашада Мемлекеттік көрме және конференц-орталығында (Шанхай қ.) «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» тақырыбында өтеді.