Наньтун қ. (Цзянсу пров.) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Наньтун қ. (Цзянсу пров.) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 9 шілде 2024 ж. – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Наньтун қ. (Цзянсу пров.) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі Басшысының орынбасары Янь Ханмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Наньтун қ. (Цзянсу пров.) арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Наньтун қ. (Цзянсу пров.) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.