Нанкинде «Қазақстан-Қытай (Цзянсу пров.)» сауда–экономикалық миссиясы өтті

Нанкинде «Қазақстан-Қытай (Цзянсу пров.)» сауда–экономикалық миссиясы өтті

Нанкин, 2024 жылғы 29 мамыр – Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс – қимылды одан әрі дамыту мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-Қытай (Цзянсу пров.)» сауда-экономикалық миссиясы өтті, оған Қазақстан мен Қытайдың түрлі сауда, азық-түлік, ауыл шаруашылығы және логистикалық компанияларының басшылығы мен өкілдері қатысты.

Осы сауда-экономикалық миссия барысында тараптар Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, аталған іс-шараның қорытындысы бойынша екі елдің түрлі іскер топтарының өкілдері коммерциялық құжаттарға қол қойды.