Шанхайда Алматы қаласының туристік роуд-шоуы өтті

Шанхайда Алматы қаласының туристік роуд-шоуы өтті

Шанхай, 2024 жылғы 28 мамыр – Қазақстан-Қытай туристік өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы Алматы қаласы әкімдігіне Алматы қаласының туристік роуд-шоуын өткізуге жәрдем көрсетті. Айта кету керек, бұл роуд-шоу Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында өтті.

Роуд-шоуға Шанхай қ., Чжэцзян, Цзянсу және Цзянси провинцияларының 50-ден астам түрлі мемлекеттік мекемелердің, туристік және авиациялық ұйымдардың, қауымдастықтар мен компаниялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Жалпы, Алматы қаласының туристік роуд-шоуы барысында Алматы қаласының негізгі туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, «Air Astana», «KITE-Travel», «Skyway», «Tumar Trans», «Шелковый путь Казахстан», «ETE Travel», «Kazroutes» және «Turan Asia» сияқты қазақстандық компаниялардың өкілдері роуд-шоуға қатысушыларды өз қызметімен таныстырып, Қытайдың іскер топтарымен В2В кездесулер өткізді.

Осы роуд-шоу аясында қазақстандық әртістердің қойылымдары, Алматының туристік әлеуетіне арналған фотогалерея, бірегей ұлттық кәдесыйлар мен әшекейлерді көрсету, сондай-ақ түрлі ұлттық тағамдардан дәм тату іс-шаралары өтті.

Жалпы, Алматы қаласының туристік роуд-шоуына қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті, олардың пікірінше, Қазақстан мен Алматы қаласының туристік әлеуетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қытайлық іскер топтардың өкілдері осы туристік роуд-шоудың мазмұны мен практикалық бағытын атап өтіп, жақын арада осындай іс-шараларды көбірек ұйымдастыруға үміт білдірді.