Шанхайда Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды

Шанхайда Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды

Шанхай, 2024 жылғы 28 мамыр – Қазақстан-Қытай туристік ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне «ITB China-2024» Халықаралық туристік көрмесі барысында оның туристік мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізуге жәрдем көрсетті. Айта кету керек, бұл тұсаукесер Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында өтті.

Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстыруға Шанхай қ., Чжэцзян және Цзянсу провинцияларының 40-қа жуық түрлі мемлекеттік мекемелері мен туристік компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты, олар Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетімен және негізгі көрікті жерлерімен танысты.

Тұтастай алғанда, Қытайдың іскер топтары өкілдерінің көпшілігі Шанхайда алғаш рет өткен Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін таныстырудың мазмұны мен практикалық бағытын атап өтіп, жақын арада осындай іс-шараларды көбірек ұйымдастыруға үміт білдірді.