
Шанхай, 2024 жылғы 14 мамыр – Шанхай Цзяотун университеті басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы оқу орнында болып, Шанхай Цзяотун университетінің проректоры Лю Вэйдунмен кездесу өткізді.
Аталған кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Шанхай Цзяотун университеті арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға уағдаласты.
Шанхай Цзяотун университеті Қытайдағы ең ірі мемлекеттік оқу орындарының бірі. Бұл университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары аясында әртүрлі инженерлік, техникалық, медициналық және гуманитарлық мамандықтар оқытылады.