
Шанхай, 2024 жылғы 25 сәуір – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов «YTO International Express and Supply Chain Technology Ltd.» компаниясының Вице-президенті, Басқарма Төрағасының көмекшісі Ху Жуйцинмен кездесу өткізді. Айта кету керек, «YTO International Express and Supply Chain Technology Ltd.» Қытайдың ең ірі жедел жеткізу логистикалық операторларының бірі. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.