Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Iflytek Co. Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы «Iflytek Co. Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 13 наурыз 2024 жыл – Қазақстан-Қытай ғылыми-технологиялық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов «Iflytek Co. Ltd.» компаниясының Аға вице-президенті, қаржы директоры Дуан Давэймен кездесу өткізді. Айта кету керек, «Iflytek Co. Ltd.» компаниясы бұл жасанды интеллект және бұлтты есептеу салаларына маманданған Қытайдың ең ірі жоғары технологиялық компанияларының бірі. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.